Әлеуметтік салаларға қосымша қаржы бөлінді



Алтыншы шақырылған Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс XXIII сессиясы өтті. Ерболат Нұрмаханов төрағалық еткен сессия жұмысында екі мәселе қаралды.

Қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова 2017-2019 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджетін нақтылау мәселесі бойынша баяндама жасады. Оның айтуынша, нақтылау барысында қала бюджетінің көлемі 4 110,8 млн теңгеге ұлғайтылып, жалпы 131 232,7 млн теңгеге жетіп отыр. Өзгерістер тұрақты комиссияларда талқыланған.

Жалпы, республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер бойынша білім, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдеріне, инженерлік-коммуникациялық жобалар бойынша қосымша қаржы қаралуда.

Сондай-ақ, облыстық бюджет трансферттері 408,9 млн теңгеге артқан. Негізінен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, білім бөліміне қосымша қаржы қаралып отыр.

Жиында №22 округтен сайланған қалалық мәслихаттың депутаты Рамазан Сейдахметұлы Бектұрғанов тұрақты комиссия мүшелігіне сайланды.  

Бір айта кетерлігі, қала әкімі Нұрлан Сауранбаев мәслихаттың сессиясына алғаш рет қатысты. Жиында сөз алған шаһар басшысы қаланың дамуына  алда бірлесе жұмыс істейтініне сенім білдірді.


Альянс географиясы



В настоящее время в состав «КазАльянса» вошли более 70 казахстанских студенческих организации из 17-ти стран мира, в том числе из Великобритании, Германии, Ирландии, Испании, Канады, Китая, Малайзии, России, США, Турции, Финляндии, Франции, Чехии, Швейцарии, Южной Кореи.


Дауыс беру



дауыс беру