Пробациялық қызмет көрсету орталығы ашылды



Шымкентте  ҚР Бас прокуратурасының «Ресоциализация: Сен қоғамға керексің!» жобасы аясында «Пробация әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсету орталығы» ашылды. Жаңа орталықта пробациялық есепте тұратын азаматтарға  7 бағыт бойынша қызмет көрсетіледі. 
 

Атап айтқанда, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға әлеуметтік көмектер, оның ішінде психологиялық, медициналық көмектер, жұмыспен қамту, зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақыларды алу, кәсіпкерлікпен айналысу, білім алу және құқықтық көмек көрсету іс-шаралары бір терезе қағидасы бойынша жүргізіледі. 
 

Шара барысында облыс прокуроры ИЧ 167/11 тергеу изоляторында сотталғандар мен қамауға алынғандар арасында жеке қабылдау өткізді.
Онда  қамауға алынған тұлғалар қылмыстық істер бойынша, оның ішінде тағылған айыптарпен келіспейтіндігі туралы шағымданды. Мамандар шағымдардың қаралуы алдағы уақытта бақылауға алынатындығын атап өтті..

Айта кетейік, бүгінде  облыс бойынша 3 125 тұлға пробациялық есепте тұрады. 


Альянс географиясы



В настоящее время в состав «КазАльянса» вошли более 70 казахстанских студенческих организации из 17-ти стран мира, в том числе из Великобритании, Германии, Ирландии, Испании, Канады, Китая, Малайзии, России, США, Турции, Финляндии, Франции, Чехии, Швейцарии, Южной Кореи.


Дауыс беру



дауыс беру