Шымкентте қауіпсіздік мәселелері бойынша жедел кеңес өтті




 

Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаевтың төрағалығымен қауіпсіздік мәселелері бойынша жедел кеңес өтті. Онда тұрғындармен профилактикалық іс-шаралар жүргізуден бастап, үй жағдайындағы қауіпсіздік шараларының сақталуын қадағалауға дейін талқыланды.

Еске салсақ, осы уақытқа дейін үш тәулік ішінде қалада 7 адам газдан уланып қаза болды, оның төртеуі – жеткіншектер болатын. Орын алған оқыс  оқиғалардың әрбіріне жіті тексеру ұйымдастыру тапсырылды.
 


 

Кездесу барысында бірқатар шешімдер қабылданды.

Біріншіден, аудандық әкімдік, ТЖ, полиция мен газ жүйесінің мамандарынан арнайы мобильді топ құрылады. Профилактикалық іс-шаралар жүргізуге үй және көше тексерушілері жұмылдырылады. Олар арнайы құрылған комиссиямен бірге жүріп, әрбір мекенжайды тексереді.  Ағымдағы жылдың  22 желтоқсанына дейін қаладағы әрбір үйге, пәтерге барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізумен қатар, мұржалары мен газ құбырларын тексеру керек. 
 


 

Екіншіден, барлық мектепте көмірқышқыл газынан уланудың алдын алу, оны болдырмау жөнінде сабақтар ұйымдастырылады.

Үшіншіден, қалада тұрғындардан техникалық қызмет көрсетуге ақша жинап, алайда қызметіне немқұрайлы қарайтын газ жүйесі бойынша қызмет көрсетуші компаниялардың басшыларымен жиналыс өткізіледі.
 


 

Сондай-ақ, газ дабылдарын орнату мәселесі көтерілді. Бұл мәселелер бойынша келесі кездесу 22 желтоқсанда өтетін болды. Қазіргі таңда әкімшілік пен газ жүйесінің қызметкерлері тұрғындардың тағы да есіне салады: үйіңіздегі газ құбырын, мұржаның бітелмеуін тексеріңіздер. Мұржа жоқ болса, арнайы мамандар шақырыңыздар. Өзіңіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігі үшін қарапайым ережелерді сақтаңыздар.


Альянс географиясы



В настоящее время в состав «КазАльянса» вошли более 70 казахстанских студенческих организации из 17-ти стран мира, в том числе из Великобритании, Германии, Ирландии, Испании, Канады, Китая, Малайзии, России, США, Турции, Финляндии, Франции, Чехии, Швейцарии, Южной Кореи.


Дауыс беру



дауыс беру