558 отбасы баспаналы болды



Шымкент қаласының тұрғындары Ел Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында баспаналы болды. «Нұрсәт» шағынауданында бой көтерген көпқабатты 11 тұрғын үйдің кілті  558 отбасыға берілді.  Баспана «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының екінші бағыты бойынша салынған. Салтанатты мерекеге облыс әкімі Ж.Түймебаев, Шымкент қаласының әкімі Н.Сауранбаев қатысып, тұрғындарды жаңа қоныспен құттықтады.

«Осы жылы «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы аясында Шымкентте 83 тұрғын үйдің яғни 5052 пәтердің құрылысы басталған болатын. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында осы тұрғын үйлердің 11-і, яғни, 558 пәтер беріліп отыр. Жыл соңына дейін тағы да арендалық 1152 пәтер болатын 16 тұрғын үйдің құрылысын пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Бұл егеменді еліміздің жемісі деп білемін», - деп айтты аймақ басшысы.

Айта кетейік, 2017 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша облыстағы жалпы жеке және көпқабатты 547,1 мың ш. м. тұрғын үй пайдалануға берілген.


Альянс географиясы



В настоящее время в состав «КазАльянса» вошли более 70 казахстанских студенческих организации из 17-ти стран мира, в том числе из Великобритании, Германии, Ирландии, Испании, Канады, Китая, Малайзии, России, США, Турции, Финляндии, Франции, Чехии, Швейцарии, Южной Кореи.


Дауыс беру



дауыс беру