Шымкентте туған өлкесін көркейткен кәсіпкерлер марапатталды



Шымкент қаласының гүлденіп-көркеюіне үлес қосқан бірқатар кәсіпкерлер құрметке бөленді. «Туған жерім – алтын бесігім» атты форум аясында өткен шараға Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев, қалалық мәслихаттың хатшысы Нұрлан Бекназаров, Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исамуддин Рысбай қатысты.

Шаһар басшысы Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік тұрғыдан көмектесіп, тұрғындардың қажеттілігі үшін нысандар салып, аз қамтылған отбасы балаларына қамқорлық жасаған жомарт жандарды марапаттады. Олардың қатарында кәсіпкерлер – Мағауия Тұрысбеков, Тастан Жүнісов, Жұмағали Білісбеков, Әбілқасым Досболов, Рәшкүл Оспанәлиева, Гаухар Исқақовалар бар.

 

Бұдан бөлек, қала әкімінің алғыс хатымен, қалалық мәслихаттың және «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалының грамоталары қоғамдық өмірге белсене атсалысқан бірқатар ардагерлерге берілді.

Форум барысында ардагерлер қала басшысына Шымқаладағы біршама өзекті мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлерін айтты. ҚР Құрметті журналисі Б. Қонысбек Қошқар ата, Бадам өзендерін көркейту жұмыстары жарты жолда қалып қойғандығын, ал облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Ү. Айтөреева жұмысын тоқтатқан балалар темір жолының тағдырына тоқталып, осы мәселе оң шешілсе деген ұсынысын жеткізді.


Альянс географиясы



В настоящее время в состав «КазАльянса» вошли более 70 казахстанских студенческих организации из 17-ти стран мира, в том числе из Великобритании, Германии, Ирландии, Испании, Канады, Китая, Малайзии, России, США, Турции, Финляндии, Франции, Чехии, Швейцарии, Южной Кореи.


Дауыс беру



дауыс беру