Қала бюджеті 12,5 пайызға артты



Алтыншы шақырылған Шымкент қалалық мәслихатының кезекті XXIV сессиясы өтті. Ерболат Нұрмаханов төрағалық еткен жиында бірқатар мәселелер қаралды. Сессия жұмысына  қала әкімі Нұрлан Сауранбаев  қатысты.

Қала әкімінің орынбасары Г. Құрманбекова 2018-2020 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті, «Шымкент қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы» және «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру мәселелері жөніндегі Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы ведомствоаралық комиссия құрамына өзгерістер енгізу туралы баяндама жасады.


Бұл өзгерістердің барлығы тұрақты комиссияларда қаралған. Депутаттар ұсынылып отырған өзгерістерді бірауыздан қолдады. Гүлжан Мамытқызының айтуынша, Шымкент қаласының 2018 жылға арналған бюджеті 114 млрд 850,6 млн теңгеге жетті. Бұл өткен жылғы бекітілген бюджетпен салыстырғанда 12,5% артып отыр. 2018 жылы бюджет есебінен  келесідей негізгі жұмыстар атқарылады:


Білім саласында 10 нысанның құрылысы жүргізіліп, 8 мектеп және 2 балабақша ғимараты күрделі жөндеуден өтеді. 22 мектепке спорт алаңшалары салынады.

Көлік инфрақұрылымын дамыту саласында 15 нысанның құрылысы жүргізіліп, 13 көше және 1 жол өткел пайдалануға беріледі. Инженерлік инфрақұрылым саласы бойынша 12 нысанның құрылысы жүргізіліп, 8-і пайдалануға берілмек. Әлеуметтік, мәдениет саласында да бірқатар құрылыс жұмыстары жүргізіледі. 

Сондай-ақ, сессия барысында қалалық ауылшаруашылық және ветеринария бөлімі, қалалық құрылыс бөлімінің есебі туралы баяндама тыңдалды.

Бұдан бөлек, Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің құрамына, жастарды үйлестіру кеңесінің дербес құрамына өзгеріс енгізу туралы мәселелер қаралды.

 

Сонымен қатар, сессия барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына үлес қосқан 6 азамат Шымкент қаласы әкімінің Грамотасымен марапатталды. Олардың арасында Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары – Бекайдар Төлегенов, Жандарбек Сыдықов, Ерлан Омаров, «Қуатжылуорталық-3» МКМ директорының орынбасары Ахмет Өтеген, т. б. азаматтар бар.

Сессия соңында қала әкімі Н. Сауранбаев пен мәслихат хатшысы Н. Бекназаров марапат иелерін құттықтап, барша депутаттарды келесі жылы да бірлесе жұмыс істейтіндеріне сенім білдірді.


Альянс географиясы



В настоящее время в состав «КазАльянса» вошли более 70 казахстанских студенческих организации из 17-ти стран мира, в том числе из Великобритании, Германии, Ирландии, Испании, Канады, Китая, Малайзии, России, США, Турции, Финляндии, Франции, Чехии, Швейцарии, Южной Кореи.


Дауыс беру



дауыс беру