Үздік жастардың еңбегі еленді



Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай қала әкімінің «Үздік» жастар премиясының марапаттау рәсімі өтті.

Құрмет иелерінің қатарында Шымкент қаласының көркеюіне үлес қосып, түрлі салалар бойынша жетістіктерге жеткен жастар бар.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімін қала әкімі Нұрлан Сауранбаев салтанатты түрде ашып, номинация иегерлеріне диплом мен бағалы сыйлықтар табыстады.

Дәстүрге айналған «Үздік» жастар премиясы биыл 7-ші рет аталып өтілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамның түрлі салаларында (мәдениет, өнер, білім, ғылым, әлеуметтік, халыққа қызмет көрсету және т.б) жұмыс істейтін дарынды, талантты жастарға қолдау көрсету, жетістіктерін насихаттау, жастардың рухын көтеріп, ынталандыру.

Марапатталғандардың арасында қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Қанат Сапарғали «Үздік жас қаламгер» номинациясының иегері атанды. 


Айта кетейік, «Үздік» жастар премиясы байқауының ережесіне сәйкес түрлі номинациялар бойынша 14 пен 29 жас аралығындағы жастар байқауға қатысып, іріктелді. Үміткерлерді іріктеу жөніндегі байқау комиссиясының ұсынысы бойынша 26 жас өз салаларында «Үздік» деп танылды.


Альянс географиясы



В настоящее время в состав «КазАльянса» вошли более 70 казахстанских студенческих организации из 17-ти стран мира, в том числе из Великобритании, Германии, Ирландии, Испании, Канады, Китая, Малайзии, России, США, Турции, Финляндии, Франции, Чехии, Швейцарии, Южной Кореи.


Дауыс беру



дауыс беру