Шымкентте шатқалдарға 55 мың көшет отырғызылды



Шымкентте жеті шатқалға  55 мыңға жуық көшет отырғызылды. «Шатқал» бағдарламасы аясындағы шарада ағаш отырғызумен қатар, 20 мың  мыңнан астам текше метр жер көгалдандырды.

Шараға облыс әкімі Ж.Түймебаев, қала әкімі Н.Сауранбаев, ерікті жастар және қала тұрғындары қатысып,  аумағы 38 гектар жерді құрайтын  «Самал» шатқалына қарағаш көшеттерін отырғызды.

Аймақ басшысы аталған демалыс орындары өңір тұрғындарының таза ауада тынығып, демалуы үшін жасалып жатқанын, сонымен қатар, болашақта ол жерлерге жаяу жүргіншілерге арналған жол салынып, оның бойынан сауда орындары салынатынын да жеткізді.

Бүгінде Шымқаладағы жеті шатқалдың жалпы аумағы 124 гектар жерді құрап отыр. Алдағы уақытта «Қасірет» мемориалы тұсында, ипподром маңында және «Бозарық», «Бозарық-2», «Таскен» шағынаудандарында, Алматы-Ташкент бағытында жалпы аумағы 690 гектарға жуық шатқалдар аумағына көшеттер отырғызылатын болады.


Альянс географиясы



В настоящее время в состав «КазАльянса» вошли более 70 казахстанских студенческих организации из 17-ти стран мира, в том числе из Великобритании, Германии, Ирландии, Испании, Канады, Китая, Малайзии, России, США, Турции, Финляндии, Франции, Чехии, Швейцарии, Южной Кореи.


Дауыс беру



дауыс беру