Шымкентте үйлер мен әлеуметтік нысандар жаңа технологиямен салынады



2017 жылы Шымкентте 76 тұрғын үй пайдалануға берілді. Олардың 27-сі бюджет есебінен салынса, 39 үй - ұлттық компаниялар, 10 үй жеке инвестициялар есебінен салынған.

2018 жылы 162 үйдің құрылысы жалғасады: 56 үй – бюджет есебінен, 9 үй - ұлттық компания, 97 үй жеке инвестициялар есебінен салынады. 20 үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Биыл бұған қоса бюджет қаржысы есебінен тағы 21 нысан пайдалануға берілмек: 10 инженерлік инфрақұрылым және 11 әлеуметтік нысан. Оның ішінде 7 мектеп пен 1 балабақша бар. айта кету керек, шаһар аумағында бюджет қаржысы есебінен басқа да жекеменшік балабақшалар салынып, қолданысқа берілуде.

Сондай-ақ, Шымкенттегі тұрғын үй құрылысына инновациялық шешімдерді енгізу мәселесі қарастырылуда. Атап айтқанда жылдам әрі үнемді құрылыс технологиясы, энергия үнемдеу, құрылыстағы IT шешімдер. Қазіргі таңда инновациялық мәселені кәсіби тұрғыда талқылап, шешу мақсатында құрылыс саласындағы білікті мамандардан консультативті-техникалық кеңес құрылған.


Альянс географиясы



В настоящее время в состав «КазАльянса» вошли более 70 казахстанских студенческих организации из 17-ти стран мира, в том числе из Великобритании, Германии, Ирландии, Испании, Канады, Китая, Малайзии, России, США, Турции, Финляндии, Франции, Чехии, Швейцарии, Южной Кореи.


Дауыс беру



дауыс беру