Шымкент-Ташкент арасындағы автобус бағыты ашылды



Бүгін Шымкентте халықаралық автобус бағыты ашылды. Енді Шымкент-Ташкент қалалары аралығында күнделікті автобустар қатынайтын болады. Автобустар таңғы сағат 6-дан 20:00-ге дейін жүреді. Жоспар бойынша екі ел арасында күніне 15 автобус қатынайды деп күтілуде.


Автобустар екі қала аралығындағы жолды 4 сағатта жүреді. Көлік, жолаушылар және қол жүгі кедендік тексеру мен шекаралық бақылаудан кезексіз өтеді. Қазақстан тарапынан тасымалдаушы компания KazNetworkBus ЖШС болса, Өзбекстан тарапынан ManzaraTourism ЖШҚ белгіленген.


Айта кетейік, Шымкент-Ташкент бағыты бойынша тұрақты халықаралық көлік тасымалына рұқсат 2017 жылдың 26 желтоқсанында берілді. Мұнымен қоса биыл екі елдің басқа да ірі қалалары арасында тұрақты автобус қатынасы іске қосылады деп жоспарлануда. Соңғы 17 жылда Қазақстан мен Өзбекстан арасында жолаушылар автобусы қатынасы тоқтап қалған еді.


Альянс географиясы



В настоящее время в состав «КазАльянса» вошли более 70 казахстанских студенческих организации из 17-ти стран мира, в том числе из Великобритании, Германии, Ирландии, Испании, Канады, Китая, Малайзии, России, США, Турции, Финляндии, Франции, Чехии, Швейцарии, Южной Кореи.


Дауыс беру



дауыс беру