Ұлыбританияда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналып балл өткізілді



Жақында, яғни 2016 жылдың 12 наурызында Warwick университетіндегі «ҚазАльянс» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен әр жыл сайын өткізілетін Ұлыбританиядағы қазақстандық жастарының балы өтті. Биылғы Көктем балы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналып өткізілді. Мерекені тамашалауға осы елдегі отандастарымыз, ҚР білім және ғылым министрлігі мен ҚР Ұлыбританиядағы елшіліктің қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және де басқа да жер шарының әр түкпірінен келген шетелдіктер қатысты. Мереке барысында қонақтар жалпы Қазақстан Республикасы жайлы ақпарат тыңдап, қазақ халқының шашу сияқты салт-дәстүрлерін тамашалады, олардың тұрмыстағы тәрбиелік мәнімен танысты. Домбырашылардың күй құдіретін жеткізіп, күмбірлетіп орындаған «Сарыжайлау", «Менің елім» сияқты әндер жүректегі сағыныш сазын тербеді. Дебютанттар би төресі вальсты билеп салтанатты мерекеге өзінше әсер берді. «Қаражорға» мен Шотландық кейли билері биленді. Мерекеге қатысушылар Қазақстан Республикасының тарихы, зиялы тұлғалары, егемендікпен бірге келген жетістіктері туралы сұрақтардан тұратын викториналық ойынға қызу қатысты. Сонымен бірге, қыздар арасында «Келіндер сайысы», жігіттер арасында білек күшін сынайтын сайыс өткізілді. Осылайша Ұлыбритания елінде қазақ халқының сан ғасыр аңсап жеткен ұлы мерекесі - Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне арналған салтанатты шара жүргізілді. Кешке келген шетелдік азаматтар ұлттық салт-дәстүр мен өнерімізді тамашалап, тарихи мағлұматтар алып қайтты. Ал отандастарымыз бойына ана сүтімен келген ән мен күй құдіретін сезініп, салт пен дәстүрді көріп отансүйгіштік, намыс, жауапкершілік сияқты сезімдерін бір қайрап қайтты.


Альянс географиясы



В настоящее время в состав «КазАльянса» вошли более 70 казахстанских студенческих организации из 17-ти стран мира, в том числе из Великобритании, Германии, Ирландии, Испании, Канады, Китая, Малайзии, России, США, Турции, Финляндии, Франции, Чехии, Швейцарии, Южной Кореи.


Дауыс беру



дауыс беру