Рашид Аюповпен сұхбат




      "Менің аты-жөнім - Рашид Аюпов. Мен Шымкент қаласы әкім аппаратының басшысы болып жұмыс жасаймын. Ұлыбритания елі Лондон қаласындағы Queen Mary университетінде Мемлекеттік басқару мамандығы бойынша магистрлік білім алғанмын. Менің о бастағы мақсатым Ұлыбритания еліне оқуға түсу болатын.Себебі ол мәдениеті, бизнесі, мемлекеттік басқару жүйесі дамыған мемлекет.
      Ұлыбританияға барған адам болашақ Қазақстанның келбетін көре алады. Онда теория мен практика қатар жүреді. Ол елде маңызды шешімдер қабылданатын бірнеше орындарда болдым. Қазақстанға өз жоспарларымды жүзеге асырамын деп оралдым. Қазақстан - мол мүмкіндіктер елі. Елде билікпен азаматтар арасында ашықтық пен қолжетімділік жетіспейді. Оны өзгерту керек. Билік тараптың да, азаматтардың да көзқарастарын басқа жағынан өзгерту қажет.
      Менің мақсатым - әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіруге арналған реформаға қатысу. Өз мақсатыма жету үшін біріншіден, жастармен жұмыс жасап, олардың бізден де мықты болуы үшін тәжірибеммен бөлісемін. Екіншіден, басқару құралдарын енгізу, сонымен қатар шетелдің үздік тәжірибелерін қолдануға еңбек етемін. Өз мақсатымызға жету үшін жаңа технологияларды падалануға тиіспіз. 
      Ұлыбританиялық ЖОО-ның түлегі болу мен үшін маңызды. Себебі, мен бала кезімнен-ақ Ұлыбританияда оқуды және алған білімімді өзім өмір сүретін елдің игілігіне жұмсауды армандадым". 


Альянс географиясы



В настоящее время в состав «КазАльянса» вошли более 70 казахстанских студенческих организации из 17-ти стран мира, в том числе из Великобритании, Германии, Ирландии, Испании, Канады, Китая, Малайзии, России, США, Турции, Финляндии, Франции, Чехии, Швейцарии, Южной Кореи.


Дауыс беру



дауыс беру