НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! БАЙҚАУ!



«ҚазАльянс» қоғамдық бірлестігі Еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ең үздік эмблемаға байқау жариялайды! Эмблема Тәуелсіздіктің 25 жылдығын айқын бейнелеп, көрген жанға бірден түсінікті болуымен қатар, бойына жаңашылдық пен кретивті топтастыра алса нұр үстіне нұр. Жеңімпазға тағайындалған сыйақы 100 мың теңгені құрайды. Байқауға қатысуға өтініштер мен  дайын жұмыстар 31 мамыр сағат Астана уақытымен 18.00-ге дейін kazalliance.kz@gmail.com электронды мекен-жайында  қабылданады, тақырыбын «Байқау. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» деп көрсету қажет.

Қойылатын талаптар: электронды нұсақада ұсынылған қаламсаппен салынған суреттен бастап 3D форматына дейінгі кез келген суреттер қабылданады. Байқауда қарау үшін суреттер  JPEG немесе PNG форматында, 700х700 px өлшемінен аспайтын және 72 dpi,  RGB түсті моделінде болуы тиіс. Файлдыңөлшемі 500 Кб-тан  аспауы керек. Қабылданатын суреттердің саны минималды – 1, максималды  - 3 сурет.

Эмблеманы өңдеу  барысында 26.07.1999 N 456-1 санды Қазақстан Республикасы «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңына бағынуы қажет.

Бағалау критерийлері:

1. Ұсынылған жұмыстың сапасы, ірегейлілігі, сонылығы.

2. Ауқымдылығы. Эмблеменың негізгі графикалық элементтері үлкейтіп немесе кішірейткенде де сапасын өзгертпеуі тиіс.

3. Бейімділігі. Эмблеманың негізгі графикалық элементтері кез келген қағаз,картон, пластик, шыны секілді заттарға және кез келген шығару құралдарына бейім жасалуы керек.

 Байқауға қатысуға сұранысты толтырған кезде түрлі-түсті және ақ-қара түрінде ұсынылған эмблема; қажетті байланыс нөмірлері мен құралдары  көрсетілген, еркін формада жазылған сұраныс қабылданады. Әрбір қатысушы өзімен байланысуға мүмкіндік беретінбарлық мәліметтерді, ұсынылған эмблема жайлы 300 әріптенаспайтын көлемдеанықтама беруі тиіс. Сондай-ақэлектронды нұсқада жолданбағанматериалдарда байқауғақатыса  алмайды. Жұмыстар 2016 жылдың мамыр айының 20 жұлдызымен 31 жұлдызы аралығында қабылданады. 


Альянс географиясы



В настоящее время в состав «КазАльянса» вошли более 70 казахстанских студенческих организации из 17-ти стран мира, в том числе из Великобритании, Германии, Ирландии, Испании, Канады, Китая, Малайзии, России, США, Турции, Финляндии, Франции, Чехии, Швейцарии, Южной Кореи.


Дауыс беру



дауыс беру