ОҚО-да үздік эссе жазған оқушылар марапатталды




Күнгейде «Оңтүстік Қазақстан өңірінің өркендеуіне үлесімді қосамын! Жастардың көзқарасы» тақырыбында эссе жазудан мектеп оқушылары арасында байқау өтті.  Шығармашылық сайыста ОҚОның аудан, қалаларынан 70 жуық шәкірт қатысқан, - деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Байқауға сәуірдің 4-і мен мамырдың 4-і аралығында  шығармалар қабылданған. Нәтижесінде 10 эссе үздік деп танылып отыр. Соның ішінде жеңімпаз деп танылған, 3 эссенің авторы USudy тестілеу орталығының Шымкент қалалық бөлімшесінде 10 күндік тегін курс өтуге сертификат алды.
«Мен бұл байқауда оңтүстік өңірінің өркендеуіне сүбелі үлес қосар жастардың көзқарасы жайлы жаздым. Менің ойымша бұл жақсы бастама. Себебі, қоғамға жастардың белсене атсалысуына және жастардың рухани дамуына үлкен үлес қосады деп ойлаймын», - дейді, байқау жеңімпазы, Шымкенттегі №25- мектепті бітіруші Диана Ізбасарова.
Дианадан өзге, Түлкібас ауданынан келген Айда Мергенбаева мен Нұрсәуле Малтабарова да жеңімпаздардың қатарынан көрінді.
«Облыстық байқауға келіп түскен шығармалардың барлығын оқып шықтым. Ішінде керемет, терең ойлы шығармалар болды. Шынымды айтайын тіпті, өзім күтпеген шығармалар болды. Мен өзім оқымаған авторлардың үзінділерін оқыдым. Риза болдым жастарға. Бірақ, көпшілік шығармада сөздік қордың аздығы байқалады. Бұл енді жалпы бүгінгі қоғамның проблеммасы. Дегенмен ауыл жастары үшін бұл үлкен мүмкіндік болды. Өйткені, оларда Астанаға тегін барып келу мүмкіндігі болар ма еді, болмас па еді»,- дейді қазылар алқасының төрағасы, тарих пәнінің мұғалімі Өмір Шыныбекұлы.
Бұндай бастама көтерген «ҚазАльянс»  ұйымы, ал жеңімпаздарға тегін жолдама берген Шымкент қаласындағы USudy тестілеу орталығы.
«Осы ҚазАльянс ұйымы эссе жаздырайық. Оңтүстік жастарының өңірімізге қосар үлесі туралы шығарайық. Үздіктерді марапаттап, олардың шығармаларын кітапша қылып шығарып, әрі қарай тарайық деген ұсыныспен келді. Әрине жастар басқармасы болғаннан кейін біз қолдадық», - дейді ОҚО жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Болат Жанәбіл.
Үздік деп танылған тағы 7 шығарма авторы,  шілде айында Астана қаласына 3 күндік экскурцияға тегін жолдамаға ие болды. Ал, олардың жетекші-ұстаздарына басқарма басшысының алғыс хаты табысталды. 

http://bnews.kz/
 


Альянс географиясы



В настоящее время в состав «КазАльянса» вошли более 70 казахстанских студенческих организации из 17-ти стран мира, в том числе из Великобритании, Германии, Ирландии, Испании, Канады, Китая, Малайзии, России, США, Турции, Финляндии, Франции, Чехии, Швейцарии, Южной Кореи.


Дауыс беру



дауыс беру