Шымкентте халықаралық туристік форум өтеді



Шымкентте  14-16 қарашасы аралығында «Ontustik Tourism. Invest 2017» атты халықаралық туристік, инвестициялық форум өтеді. «Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолы бойынша саяхат» фестивалі шеңберінде ұйымдастыралатын шара Алматы, Жамбыл облыстарынан басталып, ОҚО аяқталады.  Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Батырхан Құрмансейіт мәлім етті.

Форум барысында мамандар туристік саланың дамуындағы өзекті мәселелер туралы пікір алмасады. Сондай-ақ, туристік аймақтарымызды паш ететін фотокөрме ұйымдастырылып,  алыс және жақын шет мемлекеттердің туризм саласының кәсіби мамандары, туристік ұйымдар, инвестициялық компания өкілдері, жалпы 300-ге жуық адам қатысады деп жоспарлануда. Солардың ішінде  шараға қытайлық туристік ұйымдар аса қызығушылық танытып отыр.

Жылдың алты айдағы қорытынды есебі бойынша, Оңтүстікке 128 мың турист келген. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 55 пайызға артқан.


Альянс географиясы



В настоящее время в состав «КазАльянса» вошли более 70 казахстанских студенческих организации из 17-ти стран мира, в том числе из Великобритании, Германии, Ирландии, Испании, Канады, Китая, Малайзии, России, США, Турции, Финляндии, Франции, Чехии, Швейцарии, Южной Кореи.


Дауыс беру



дауыс беру