Оңтүстікте орташа жалақы 101 мың теңге



ОҚО статистика департаментінің бастығы Айдар Әбілдабековтың мәлімдеуінше, өңірде орташа жалақы мөлшері 101 117 теңгені құрады. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 6,3 пайызға артып отыр.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың ІІ-тоқсанында халықтың орташа бір айда жан басына шаққандағы атаулы табыстары 45 530 теңгені құрап, өткен жылға қарағанда 4,3 пайызға өскен. 

«2017 жылдың ІІІ-тоқсаны бойынша облыста іріктемеге түскен 3 393 үй шаруашылығы зерттелді. Нәтижесінде, облыс бойынша жұмыссыздар саны 62,6 мың адамды құрап, 2016 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 0,6 мың адамға кеміген. Осылайша жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайызды құрап отыр», - деді Айдар Ахметбекұлы.

Бұдан бөлек, облыста азық-түлік тауарларының бағалары мен тарифтері 4,3 пайызға, ал азық-түлік емес тауарлар 8,6 пайызға өскен. Халыққа көрсетілетін ақылы қызметтер 5,8 пайызға қымбаттаған.


Альянс географиясы



В настоящее время в состав «КазАльянса» вошли более 70 казахстанских студенческих организации из 17-ти стран мира, в том числе из Великобритании, Германии, Ирландии, Испании, Канады, Китая, Малайзии, России, США, Турции, Финляндии, Франции, Чехии, Швейцарии, Южной Кореи.


Дауыс беру



дауыс беру