Жүргізуші куәлігін ХҚКО алуға болатын жоба іске қосылды



Шымкент қаласындағы мамандандырылған ХҚКО 10 айда азаматтардан 175 мыңға жуық құжат қабылдаған.  Сондай-ақ, 51 794 жүргізуші куәлігі берілген. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры Еркебұлан Әлсейітов мәлімдеді. 

Қазіргі таңда «Достық» шағын ауданында орналасқан мамандандырылған ХҚКО-да азаматтар өз автокөліктерін қайта тіркеуден өткізіп, қажетті категория үшін тәжірибелік емтиханды тапсыра алады.

Айта кететіні, дайын жүргізуші куәлігін кез келген Шымкент қаласындағы ХҚКО-дан алуға болатын жоба іске қосылды. Пилоттық жоба қызмет алушылардың уақытын үнемдеуге және мамандандырылған орталықтарда кезекті азайтуға мүмкіндік береді.


Альянс географиясы



В настоящее время в состав «КазАльянса» вошли более 70 казахстанских студенческих организации из 17-ти стран мира, в том числе из Великобритании, Германии, Ирландии, Испании, Канады, Китая, Малайзии, России, США, Турции, Финляндии, Франции, Чехии, Швейцарии, Южной Кореи.


Дауыс беру



дауыс беру