Шымкент қаласының жаңа әкімі БАҚ өкілдерімен кездесті



Кездесу барысында қала әкімі Нұрлан Сауранбаев қаланы дамыту жоспарларымен бөлісті. Тұрғындардың жағдайын жақсартуда алдағы уақытта қала әкімдігінің жұмысы әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге бағытталатынын атап өтті. Атап айтқанда, жол және транспорт, әлеуметтік құрылыс объектілері, қауіпсіздік және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық мәселелері негізге алынады, – деді қала басшысы. 


Ең бастысы, қала тұрғындармен байланысты күшейтеді. Енді қала әкімдігінің хабарламаларын тарататын ресми өкіл, әкімнің орынбасарлары және бөлім басшыларының жауапкершілігі бұрынғыдан артатын болады.

 

Youtube желісінде әкімдіктің өз арнасы ашылады.
 «Мен сіздердің кез келген әкімге берілген бюджет шектеулі екенін түсінгендеріңізді қалаймын. Қала бюджеті қазіргі таңда 50 миллиард теңгеден сәл асады. Мысалы, шаһарда 3000 шақырымнан астам көлік жолы бар. Асфальт солардың жартысына ғана төселген. Қалғаны – топырақ жол. Әрине, мен барлық бюджетті жол салуға жұмсай алар едім, бірақ, онда біз бірде-бір балабақша немесе мектеп сала алмаймыз, басқа маңызды бағыттағы жұмыс та тұралап қалар еді. Барлық нәрсеге қаржы жетпейтінін анық түсініп, маңызды бағыттарды нақтылап алуымыз керек.»


Нұрлан Ермекұлы Шымкенттің алдағы уақытта дамуы туралы сұраққа да жауап берді: 

– Жақын болашақта біздің негізгі 3 нысанымыз болатынын айта аламын. Олар: Шымкент-сити, әуежай және цитадель – үлкен тарихи ескерткіш. Атқарылар жұмыстан ең алдымен көгалды аймақтар құрылады, яғни, гүлзарлар мен саябақтар. Және «Ақылды қала» жобасы да ұмыт қалмайды. Бұл – ауқымды жоба, бұл – болашақ».


Альянс географиясы



В настоящее время в состав «КазАльянса» вошли более 70 казахстанских студенческих организации из 17-ти стран мира, в том числе из Великобритании, Германии, Ирландии, Испании, Канады, Китая, Малайзии, России, США, Турции, Финляндии, Франции, Чехии, Швейцарии, Южной Кореи.


Дауыс беру



дауыс беру