Қарды тазалауға 91 техника жұмылдырылды



Шымкентте желтоқсаннның алғашқы күнінен жауған қалың  қар коммуналдық қызметкерлер үшін тосыннан келген жағдай болған жоқ. Арнайы қызмет сол күні көшедегі қарды тазалап, құм төгу жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмысқа 91 техника және 258 адам жұмылдырылды. Қала көшелері мен жолаяқтарға 538 текше құм пайдаланылды.


Қазіргі таңда, 161 көше тазаланды, жұмыстар әл жалғасуда.  Ауа райын болжаушылар желтоқсан айында суықтың үш толқыны өтетінін айтады. Еліміздің оңтүстігінде айдың басында жауын-шашын түсіп, көктайғақ және тұман түсетіндігін ескертеді.


Альянс географиясы



В настоящее время в состав «КазАльянса» вошли более 70 казахстанских студенческих организации из 17-ти стран мира, в том числе из Великобритании, Германии, Ирландии, Испании, Канады, Китая, Малайзии, России, США, Турции, Финляндии, Франции, Чехии, Швейцарии, Южной Кореи.


Дауыс беру



дауыс беру